Қазақстан жер бетінде бейбітшілік орнату ісіне өз үлесін қосып келеді – Н.Назарбаев
Қазақстан жер бетінде бейбітшілік орнату ісіне өз үлесін қосып келеді – Н.Назарбаев

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V сьезіне қатысуға келген Біріккен ұлттар ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Пан Ги Мун өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің жұмысын талқылады және ынтымақтастықты одан әрі нығайту жолдарын қарастырды.
Қазақстан Президенті Бас хатшының съезд жұмысына қатысуы іс-шараның маңызын айтарлықтай арттыра түсетініне назар аударды.
– Сіз экономика мен саясатқа, конфессияаралық мәселелерге қатысты алмағайып кезең орын алған қазіргі шақтағы жұмысбастылығыңызға, БҰҰ-ның 70 жылдығына дайындық жұмыстары жүріп жатқанына қарамастан біздің елімізге келіп отырсыз. Сонымен қатар, сіз ядролық полигонды жабу жөніндегі бастамамызды қолдадыңыз. 29 тамыз Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні ретінде атап өтіледі. Қазақстан бүгінгідей форумдар өткізу арқылы жер бетінде бейбітшілік орнату ісіне өз үлесін қосып келеді деп есептеймін, – деді Мемлекет басшысы.
Пан Ги Мун әлемдік діндер көшбасшылары жиналған осындай маңызды іс-шараға қатысуға шақырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты.
– Сіздің көрегендігіңізді және қазір аса маңызды болып отырған осы Съезді шақыру жөніндегі бастамаңызды лайықты бағалауға тиіспін. Сіз бұл бастаманы 15 жыл бұрын, жағдай қазіргіден мүлде басқаша болған тұста көтердіңіз. Бүгінде бүкіл әлем діни экстремизмнен және лаңкестіктен зардап шегіп жатқанда өшпенділікке қарсы тұруға шақырған діни көшбасшылардың қатары көбейгені және үні баршаға жетерліктей болғаны қажет, – деді БҰҰ Бас хатшысы.
Ақпарат дереккөзі: BNews.kz.
Фото: Akorda.kz
11-06-2015, 09:53 Автор: Новости Актау и Мангистауской области.
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
→ «МУЗ-ТВ-2015. Гравитация» рәсiмiнде Н. Назарбаевқа «Өмiрді өркендетуге қосқан үлесi үшiн» сыйлығы тапсырылды
→ Н.Назарбаев шетел инвесторлар кеңесінің кезекті отырысын ашты
→ Ақтауда өткен Павлодар музейінің көрмесінде 6,5 млн. жылғы экспонаттар таныстырылды
→ Бүгін – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні
→ Ақтауда Павлодар облысының мәдениет күндері өтеді