Ақтауда Павлодар облысының мәдениет күндері өтеді
Ақтауда Павлодар облысының мәдениет күндері өтеді
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - 3 маусымда, сәрсенбі күні, Ақтау қаласында Павлодар облысының мәдениет күндері ашылады, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Павлодарлықтар ақтаулықтарға үлен шығармашылық бағдарлама әзірледі.
Мәдениет күндерінің ашылған күні Ж.Аймауытов атындағы Қазақ музыкалық-драма театрының әртістері А.Цагарелидің «Ханума» музыкалық комедиясын ұсынады.
Сол күні Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорынан «Павлодарлық Ертіс өңірі тарих толқынында» көрмесі ашылады, онда өлкенің ежелгі тарихи бейнеленген. Экспозициядан келушілер сирек археологиялық және палеонтологиялық олжаларды көреді, павлодарлық Ертіс бойының тарихымен және этнографиясымен танысады.
Ақтауда «Павлодар: кеше және бүгін» атты ауқымды фотокөрме ашылмақ.
Сол күні кешке Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филарманиясы әртістерінің концерті өтеді.
Екінші күннің бағдарламасында Г.Ештанаевтың, Р.Ыбыраеваның «Әбілмансұр, Сабалақ, Абылайхан» тарихи драмасын көрсету жоспарланған, бұл қойылым Қазақ хандығының 550 жылдығына арналады.
Мәдениет күндері Павлодар облысы шығармашылық ұжымдарының гала-концертімен қорытындыладанады, оған ҚР еңбек сіңірген қайраткері Болат Рақымжановтың симфониялық оркестрі, ҚР мәдениет қайраткері Виктор Шейкиннің джаз оркестрі, «Нұр» хореографиялық ансамблі, «Ретро» және «Vivo» вокальдік ансамбльдері қатысады.
Концертке Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртисі Шахимардан Әбілев қатыспақ.
Ақпарат дереккөзі: "KAZINFORM" ХАА
3-06-2015, 09:43 Автор: Новости Актау и Мангистауской области.
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
→ Дни культуры Павлодарской области пройдут в Актау
→ Битумный завод в Актау готов к реализации программы «Нурлы жол»
→ Самым дорогим для проживания казахстанским городом стал Актау
→ Двугорбый верблюд
→ Монумент Захарову В.К.
→ Битумный завод в Актау готов к реализации программы «Нурлы жол»
→ Самым дорогим для проживания казахстанским городом стал Актау
→ Двугорбый верблюд
→ Монумент Захарову В.К.