Бүгін – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні
Бүгін – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні
1992 жылғы 4 маусымда тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді – бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады. Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым ҚР мемлекеттік рәміздер күні деп аталып өтуде, деп хабарлайды BNews.kz.
Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік әнұран мемлекеттік рәміздер болып табылады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны. Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның әнұраны Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды. Музыкасы – композитор Шәмші Қалдаяқовтікі, сөзі – Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтікі.
Атап өту керек, бүгін мерекеге орай еліміздің түкпір-түкпірінде патриоттық акциялар мен мерекелік шерулер өтеді.
Ақпарат дереккөзі: Bnews.kz
4-06-2015, 09:14 Автор: Новости Актау и Мангистауской области.
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
→ Ақтауда өткен Павлодар музейінің көрмесінде 6,5 млн. жылғы экспонаттар таныстырылды
→ Сегодня в Казахстане отмечают День государственных символов
→ Ақтауда Павлодар облысының мәдениет күндері өтеді
→ На большей части Казахстана в четверг ожидается погода без осадков
→ Сотрудничество Казахстана и Китая достигло важного момента - президент фонда «Шелковый путь» .
→ Сегодня в Казахстане отмечают День государственных символов
→ Ақтауда Павлодар облысының мәдениет күндері өтеді
→ На большей части Казахстана в четверг ожидается погода без осадков
→ Сотрудничество Казахстана и Китая достигло важного момента - президент фонда «Шелковый путь» .