Әскери теңізшілер 30 күндік даярлық курсынан өтуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтау гарнизонында 29011 әскери бөлімінің оқу-жаттығу орталығының базасында ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері жағалық бөлімшелері мен корабльді құрамдары кіші мамандарының жиындары кеңейтілді.
Теориялық және практикалық сабақтардың 30 күндік бағдарламасы сүңгуірлік түсулерді қамтамасыз ететін атқыштарды, техник-жүргізушілерді, ЖЖМ қызметінің мамандарын, радио және спутниктік байланыс аға мамандарын, жылжымалы рекомпрессиялық станциялардың жүргізушілерін, сондай-ақ зымырандық-артиллериялық қару-жарақ, штурмандық жауынгерлік бөлім мен байланыс мамандарын даярлауды көздейді.
Каспий теңізінің қазақстандық су айдынында тұрған осы жиындардың арқасында Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің әскери қызметшілері шеберліктері мен кәсіби сәйкес келуін растап қана қоймай, біліктілігін арттыратын болады.
Еске салсақ, былтырғы жылы Ресей теңізшілерімен бірлесе Қазақстанның су айдынында ірі оқу-жаттығулар өткізілді. Маневрлерді басқару қазақстандық қолбасшылықпен жүзеге асырылды. Ресейлік әріптестеріміз біздің теңізшілердің дайындығын жоғары бағалады, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Ақпарат дереккөзі: ХАА "KAZINFORM"
9-06-2015, 09:28 Автор: Новости Актау и Мангистауской области.
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
→ Ақтауда мемлекеттік қызметкерлер арасында жеңіл атлетикадан жарыс өтті
→ «МУЗ-ТВ-2015. Гравитация» рәсiмiнде Н. Назарбаевқа «Өмiрді өркендетуге қосқан үлесi үшiн» сыйлығы тапсырылды
→ Павлодар, Маңғыстау облыстарының әкімдері ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
→ Бүгін – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні
→ Ақтауда Павлодар облысының мәдениет күндері өтеді